375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау тұрғындарына жаңа пәтер және көлік кілттері табысталды

  • 156
  • UPD: 15:01, 31.12.2019

Жаңа жыл қарсаңында Көкшетау қаласының 85 тұрғыны жаңа пәтердің кілтіне ие болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған, сондай-ақ жас отбасылар баспаналы болды.

Қоныс той иелерін құттықтаған облыс әкімі биыл 5 мыңға жуық ақмолалықтың тұрғын үйге қол жеткізгенін атап өтті. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары да назардан тыс қалған жоқ. Олардың автопаркі 5 су жаңа қызметтік көлікпен толықты. Бурабай ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға да автокөлік берілді. Көтергіш құрылғымен жабдықталған заманауи инватакси тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдарды таситын болады. Енді оларға екі арнайы көлік қызмет көрсетеді.

Қанат Байбуров, «Бурабай» аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы:

- Енді инватакси көмегін қажет ететін тұрғындарға бұл қызмет түрі анағұрлым қолжетімді болмақ. Оларды аурухана мен өзге де мемлекеттік мекемелерге барып-келуге мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы