425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 1 қаңтардан бастап «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылады

  • 610
  • UPD: 14:36, 31.12.2019
Алматыда 1 қаңтардан бастап «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, деп хабарлады ҚазАқпарат Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегополис көшелерінде 400 жаңа камера іске қосылады. «Бұл камералар жол жүру ережесін бұзғандарды анықтайды. Әсіресе жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талаптарын орындамау, аялдама ережелері немесе тоқтау ережесін бұзу, сонымен қатар қоғамдық көлік жолағына шығып кету сияқты ереже бұзылған жағдайды тіркейді», – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы