377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Даму» қорында бизнес процестерді автоматтандыру 94 пайызға жетті

  • 141
  • UPD: 15:46, 31.12.2019

Цифрландыруды зерттеумен айналысатын компаниялардың мәліметінше, 3 жылдан кейін әлемдегі мекеме қызметкерлерінің 35 пайызы жасанды интеллектпен жұмыс істейді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да жаһандық үрдісті ұстанады. Олардың айтуынша, цифрландыру кәсіпкерлердің банктен несие алу процесін едәуір жеңілдетеді.

«Даму» кәсіпкерліктрі дамыту қоры цифрландыруды кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Мәселен, үш жыл бұрын несие алуға кепілдігі жеткіліксіз адамдар үшін несиеге кепілдеме алу процесі автоматтандырылған еді. Бұл қызмет электронды Үкімет порталында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет болатын. Биыл Online Damu интернет-порталы іске қосылды. 

Илья Козлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры: 

- Онлайн-даму порталы кәсіпкерге қажетті қызметті таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тіркеу кезінде өзі туралы мәліметтер енгізілген жадының көмегімен автоматты түрде банкке өз өтінішін жолдай алады. Қор мен банктің шешімін де электронды түрде ала алады.

Жалпы өтініштерді қарау мерзімі несие сомасына қарай 5 немесе 10 күнге созылады. Алайда цифрландыру Қорға уақытты қысқартуға мүмкіндік берді. Қазір әрбір үшінші өтініш электронды түрде рәсімделеді. «Даму» қоры субсидиялау келісім-шартына қол қоюды да электронды форматқа көшірген. Тараптар өз мекемесінде отырып, бір мезгілде құжатқа қол қоя алады.

Илья Козлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры:

- Банктердің бірімен нәтижелі бизнес келісім жасалды. Бұрын қағаз жүзіндегі келісімшартқа қол қою үшін 30 күн уақыт кететін. Жаңа электронды қызмет арқылы 4 жақты келісімшартқа қол қою 30 минутта жүзеге асты. 

Қазір «Даму» қорында бизнес процестерді автоматтандыру 94 пайызға жетті. Ал үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 32 пайыз болатын. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы