375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жалған визамен жүрген нигериялықтар ұсталды

  • 140
  • UPD: 15:06, 31.12.2019
Елордада жалған визамен жүрген нигериялықтар ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жалған визамен жүрген нигериялықтар ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 04.30 шамасында елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында шекара жасағы Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастағы нигериялық екі азаматты ұстады. «Елімізге келген шетелдік жолаушылардың мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарын тексеру кезінде бұл азаматтар шекарашыларға Қазақстан Республикасының электрондық визасының көшірмелерін ұсынған. Алайда, электронды виза беру туралы мәліметтер базасында бұл азаматтарға қазақстандық виза берілгені туралы мәлімет расталмады. Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегені, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғаны белгілі болды» –делінген хабарламада. Ұсталған нигериялықтар келесі әуе рейсімен өз еліне депортацияланады.

Хабар 24 телеарнасы