378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы трамвай депосы балаларға ерекше сый жасады

  • 132
  • UPD: 20:41, 31.12.2019
Павлодардағы трамвай депосы балаларға ерекше сый жасады

Павлодардағы трамвай депосы мерекеге орай жол үстінде дастархан жайып, алдымен балаларды қуанышқа кенелтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңажылдық мерекеге сай безендірілген трамвайға отырған бүлдіршіндер қала көшелеріне саяхат жасады. Олардың қуанышымен Аяз Ата мен Ақшақар да бөлісті. Сөйтіп, тақылдап тақпақ айтқан бүлдіршіндерге сыйлық жасады.

Мұндай акцияларды ұйымдастыру Павлодардың трамвай басқармасында дәстүрге айналған. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында ертегі кейіпкерлері жолға шығып, қаланың кішкентай тұрғындарына осылайша қуаныш сыйлайды.

Мүслім Махмудов, қалалық трамвай басқармасының басқарма төрағасы:

– Вагон ішінде Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар, шағын естеліктер таратады. Үлкен адамдар үшін ол ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Біздің ең басты мақсатымыз – балалардың көңілін аулау. Оларға қуаныш сыйлау. Осындай мерекелер көп болсын.

Хабар 24 телеарнасы