380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 45 кеңсе Open Space форматында жұмыс істейді

  • 164
  • UPD: 20:41, 31.12.2019
Қызылорда облысында 45 кеңсе Open Space форматында жұмыс істейді

Қызылорда облысындағы ең үлкен Open Space форматындағы кеңсе Қазалы ауданынан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңадан салынған мекемелер үйі ғимаратындағы ашық кеңістік алаңында аудан әкімдігіне қарасты 11 бөлімнің қызметкерлері тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатпақ. Сондай-ақ бұл жерде өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған құрылғылар да бар. Ашық кеңістік аясындағы кеңселер бұған дейін Жаңақорған, Шиелі аудандық әкімдіктерінде ашылған еді. Бұл – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың бірі. Алдағы уақытта барлық жергілікті әкімдіктердің жұмысы осы форматқа көшіріледі, - дейді мамандар.

Бақытжан Ниязов, CЖҚІҚА облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Бүгінгі күнге Қызылорда облысында Open Space форматындағы 45 кеңсе жұмыс жасауда. Олар тек әкімдіктерде ғана емес, орталық атқарушы органдарда, құқық-қорғау органдарында орналасқан. Мысалы, облыс орталығында қалалық және облыстық соттың фронт кеңселері бар. Сонымен Қызылорда облыс орталығында құқық-қорғау органдарының қызмет көрсететін орталығы да осы Open Space форматындағы кеңселердің құрамына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы