418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісу жұрты жаңа жылды қалай атап өтуде

  • 583
  • UPD: 21:53, 31.12.2019

Осы сәтте еліміздің қиыр-қиырында мерекелік шаралар қызып, халық шад-шадымен күйде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу жұрты да жаңа жылды әдеттегідей кең құлашпен қарсы алды.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Жетісулықтар Жастар жылын жастар саябағында қорытындылап жатыр. Қазірдің өзінде қоғамның ең белсенді тобы концерттік бағдарлама қойып, арнайы топ флеш моб өткізуде. Көпшілік бірін-бірі құттықтап, шат-шадыман көңіл күйде жүр. Мерекенің лебі сезіледі. Жалпы биыл өңірде жастардың қатысуымен 5 мыңнан аса шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар 3 мыңға жуық маман тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Айта кететін жайт, биыл Алматы облысында ғана қолға алынған ерекше жоба жүзеге асты. Яғни еңбек етемін деген жастарға аудан-қалаларда жер телімдері беріліп, дәнді дақыл себуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар өңір дамуын саралайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, және өзге де салаларда жетістік бар. Мұның барлығына елдің ауыз бірлігі мен ынтымағының арқасында қол жеткізілді. Ел бірлігін нығайтуға ҚХА Алматы облыстық филиалы да үлес қосты.

Алматы облысынан биылдыққа таратқан соңғы тікелей эфиріміз осы. Біраз уақыттан кейін доңыз жылы аяқталып, келесі жылға қадам басамыз.

Хабар 24 телеарнасы