375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік зейнеткер жаңажылдық ерекше әшекейлер жинауға әуес

  • 157
  • UPD: 21:56, 31.12.2019

Қолда бар дүниелерінің арасында бұдан 60 жыл бұрын шыққандары да бар, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әрқайсысы әр кезеңде мерекелік кештерге пайдаланылған. Анатолий Яганиннің ерекше коллекциясын тілшіміз көріп қайтты. 

Анатолий Яганин 50 жылдан бері жаңажылдық әшекей жинаумен айналысады. Мұнда 60-тан астам ойыншық бар. Олардың түр-түсі, тіпті пішіні де өзгеше. Бір-біріне мүлде ұқсамайды. Зейнеткер жаңажылдық әсем шырша ойыншықтарына бірнеше сағат қарап отыруға бар.

Анатолий Яганин, қала тұрғыны:

– Балалар шыршаны айналып, ән салып, билеген кезде ауада қозғалыс пайда болады. Әшекейлер тербеліп, одан сайын жарқырай түседі. Құдды бір ертегі елінен келгендей әсер сыйлайды. Миыңыз демалып, жаныңғыз тыныштанады.

Зейнеткердің қоржынындағы әрбір әшекейдің өзіндік тарихы бар. 1940 жылдары шыққан ойыншықтар да кездеседі. Бұл әшекейлерді ол көше базарлары мен таныстарынан сатып алған. Көрші елдерге сапарлай барғанда алдымен жанына жақын ойыншықтарды іздей жүреді.

Кейде зейнеткер сиқырды сезінгісі келсе, өзінің сансыз жаңажылдық қазыналырын алып шығады. Жылдың қай мезгілі екені ол үшін маңызды емес. Анатолий Яганин бұл байлығын болашақ ұрпаққа аманаттап кеткісі келеді. Өйткені әркім өзінің жанына жақын естелігін осы жерден табады деп есептейді. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов, Нурмахан Бекмуратов

Хабар 24 телеарнасы