377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа жыл түні елордада мас күйінде көлік жүргізген алты адам ұсталды

  • 140
  • UPD: 15:07, 01.01.2020
Жаңа жыл түні елордада мас күйінде көлік жүргізген алты адам ұсталды

Жаңа жыл түнінде елордада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмеген.

Дегенмен, 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 азамат жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар елордалық полицейлер масаң күйінде көлікті тізгіндеген 6 жүргізушіні ұстаған.

Госман Жакин, қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Елордалық полицейлер мерекелік күндер қарсаңында полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп, желтоқсанның 25-і мен 31-і аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысында полиция қызметкерлері 140-тан астам қылмысты ашып, іздеуде жүрген 16 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар 3700-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде 1700-ге жуығы тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған. 430 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған. 175 ұсақ бұзақылық пен 70-тен астам жүргізуші көлік құралын масаң күйінде тізгіндегені үшін ұсталды.

Хабар 24 телеарнасы