377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

  • 304
  • UPD: 17:00, 01.01.2020
Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды. Серікболсын Әбділдин - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 

1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 

1995 жылдан Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы