423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Қазақстанның неке және отбасы кодексіне енгізген өзгерістерін қолдайды

  • 585
  • UPD: 17:58, 01.01.2020
БҰҰ Қазақстанның неке және отбасы кодексіне енгізген өзгерістерін қолдайды

БҰҰ-ның Босқындар істері бойынша агенттігі Қазақстанда туған барлық балаларды тіркеу және туу туралы куәлік беру шешімін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды UN News.

Қазақстан бұл өзгертуді желтоқсан айында енгізген болатын. Соған сәйкес ата-анасының статусына қарамастан Қазақстанда дүниеге келген балалардың барлығының туу деректері тіркеліп, туу туралы куәлік берілетін болады.

«Бұл Қазақстанда құжаты жоқ және азаматтығы жоқ адамдардың балаларына пайдасын тигізеді, себебі осылайша ол балалардың болашақта азаматтықсыз қалуының алдын алады», - деді БҰҰ Орталық Азия бойынша өкілі Ясуко Ода.

БҰҰ өкілдерінің айтуынша, туу туралы деректің тіркелмеуі және туу туралы куәліктің берілмеуі адамға қай жерде дүниеге келгенін дәлелдеу үшін қиындық туғызады, сонымен қатар оның кез келген мемлекеттің азаматтығын таңдау құқығына шектеу жасайды.

«Қазақстанда баланың туу деректерінің тіркелуі жүз пайызға жуық. Дегенмен, бұған дейін Қазақстанда тіркелмеген мигранттар мен азаматтығы анықталмаған адамдардың балалары тіркелмейтін еді» делінген мақалада.

БҰҰ мәліметінше, 78 мемлекетте азаматтығы жоқ 3,9 млн адам бар.

Хабар 24 телеарнасы