427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа жылдың алғашқы күні Қызылордада 38 сәби дүниеге келді

  • 763
  • UPD: 20:34, 01.01.2020

Жаңа жылдың алғашқы күні Қызылорда халқының саны 38 адамға көбейді. Дәрігерлер өткен түні босанушы әйелдер әдеттегіден көп болғанын айтады. Жыл басының берекелі басталуын ақ халаттылар жақсылыққа балап отыр.

Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәтте Аманкүл Приева тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелді. Шаңыраққа шаттық сыйлаған шақалақтың денсаулығы жақсы. Тышқан жылында алғашқылардың бірі болып туған торсықтай ұлдың есімін ата-анасы Заманай деп қойды. 

Аманкүл Приева, қала тұрғыны:

- Осы Жаңа жыл мерекесімен бірге біздің отбасымызда үлкен қуаныш болып жатыр. Тұңғышымызды дүниеге әкелдік. Түнгі 12-ден кейін жеңіл босандық. Атын Заманай қойдық. Осы Жаңа жылдың шымылдығын ер балдар ашып жатыр. Жаңа жыл ырысты, берекелі жыл болады деп сенеміз.

Дәрігерлер облыстық перинаталдық орталықта Жаңа жыл түні 38 сәбидің дүниеге келгенін айтады. Оның басым бөлігі, яғни 26-сы ұл бала. Бұл әдеттегі тәуліктік көрсеткіштен біршама жоғары дейді мамандар. 

Ералы Бақтыбаев, акушер-гинеколог:

- Облыстық перинаталдық орталықта тәулігіне 20-25 нәрестеге дейін дүниеге келеді. Біздің мамандарымыздың шетелдерде оқуға және тәжірибе алмасу мақсатында бүкіл мүмкіндік жағдайлары жасалған және дәрігерлеріміз барып, тәжірибелерін мол жетілдіріп шетелдерден келіп жатыр. Соның арқасында біздің жылдан жылға дүниеге келген нәрестелеріміз көбейіп жатыр. Және нәрестелердің шетінеуінің статистикасын өте төмендетіп жатыр.

Жуырда 80 жылдық мерейтойын атап өткен перинаталдық орталықта облыстың 60 процент нәрестесі, яғни жылына 11 мыңға жуық шақалақ өмірге келеді. Соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған перзентхана босанушы аналар мен жаңа туған нәрестелерге толық деңгейде медициналық көмек көрсететін өңірдегі бірден-бір мекемеге айналды.  

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Хабар 24 телеарнасы