432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда кәсіпкер әйел ретсіз тексеру кесірінен дүкен аша алмай отыр

  • 623
  • UPD: 20:37, 01.01.2020

2023 жылға дейін шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынды. Бұл салада жөн-жосықсыз қысымның әлі де тыйылмай тұрғаны жасырын емес. Біздің арнамызға осындай жағдайға тап болған солтүстік қазақстандық кәсіпкер хабарласып, көмек сұраған еді. Татьяна Змеева құрылысы әлдеқашан біткен дүкенін аша алмай отыр.

Татьяна Змеева петропавлдық кәсіпкер. Ол бірнеше жыл бұрын Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласынан жер алып, екі қабатты сауда үйін сала бастады. Құрылыс жобасы мемлекеттік органдармен келісілген. 

Татьяна Змеева, кәсіпкер:

- Құрылыс басталысымен неше түрлі тексерістер көбейіп кетті. Мемлекеттік сәулет-құрылыс қызметкерлері, өрт сөндірушілер жағынан бақылау күшейді. «Атамекенге» жүгіндім. Олар «бұл тексерістерді жергілікті мемлекеттік қызметкерлер ұйымдастырып отыр» деді. 

Бір тексеріс құрылысқа іргелес тұрған дүңгіршектің иесінен басталды. Оның айтуынша, өртке қарсы талап сақталмаған. Кәсіпкердің шағымын төтенше жағдайлар қызметі де растап отыр. Ал нысан салынып қойған. Енді соттың шешімімен Татьяна Змеева құрылысты бұзып, сауда үйін 6 метрге кейін тұрғызуы тиіс. Іскер әйел бекітілген жобаның аяқ асты заңсыз болуын түсінбей дал.  

Азамат Қыраубаев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Әрине ақылға қонбайтын жағдай. Біз әр құрылысты қуана құптаймыз. Бұл жерде кәсіпкерлер келіспей отыр. Сондықтан іс сотқа жетті.

Татьяна Змеева сауданың орнына соттан сотқа сабылып жүр. Ол аппеляциялық шағым түсіріп, Бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне арыз жазды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы