376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауында алғаш рет жаңажылдық марафон өтті

  • 122
  • UPD: 23:43, 01.01.2020

Каспий жағалауында алғаш рет жаңажылдық марафон өтті. Жүгірген жұрттың арасынан түрлі ертегі кейіпкерлерін, Аяз ата мен Санта Клаустарды көре аласыз. Жиын саны 200-ге тарта ақтаулық 10 шақырым қашықтыққа жүгірді. 27 жастағы Ярослав Подпальный алғаш болып мәреге жетті. Бой сергітіп, марафонға қатыстқандарға ыстық шәй мен тәтті тоқаштар үлестірілді. 

Ярослав Подпальный, қала тұрғыны:

- Менің салауатты өмір салтын ұстанғаныма біраз жыл болды. Жағалауда жиі жүгіремін. Теңіздің таза ауасы адамға күш береді. Бүгінгі шара жалғасын тапса деген тілек бар. Ақтауға қыста қар сирек түседі, сондықтан да жүгіру шараларын жиі өткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы