428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы ауылда 180 бейнебақылау камерасы бар

  • 698
Ақмола облысындағы ауылда 180 бейнебақылау камерасы бар

Ақмола облысының Новосельское ауылында соңғы жылдары ұрлық-қарлық деген мүлдем тіркелмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың айтуынша, бұған елді мекенде орнатылған бейнебақылау камералары сеп болып отыр. Ал олардың саны 130-ға жуық. Мұншама көп қондырғыларды жергілікті кәсіпкер соңғы бірнеше жылда орнатқан. Жаңа жыл қарсаңында ауылда шағын жедел басқару орталығы ашылып, камералардың барлығы енді учаскелік полицияның басқаруына берілді. Ал бейнебақылау камералары ауылдың кіреберісінен бастап, басты көшелерге, әлеуметтік нысандардың маңайы мен халық көп жүретін жерлерге орнатылған. Сонымен қатар мұндағы әр дүкеннің алдына кәсіп иелері өздері де бөлек камера қойған. Ал олардың саны 50-ден асады. Осылайша, 1 мыңға жуық халқы бар ауыл бейнебақылау қондырғыларымен толықтай дерлік қамтамасыз етіліп отыр.

Жалғас Жәбікеев, учаскелік полиция инспекторы:

- Бейнекамералар менің қалта телефоныма да қосылған. Сондықтан мен кезкелген уақытта ауылда не болып жатқанын көре аламын. Жалпы бейнекамералардың қылмыстың алдын алуда көмегі өте зор.

Хабар 24 телеарнасы