380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 78% Google іздеу жүйесін пайдаланады

  • 118
  • UPD: 09:38, 02.01.2020

Еліміздегі интернет қолданушылардың 78 проценті Google іздеу жүйесін пайдаланады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Әсіресе соңғы 5 жылда халықтың интернетке деген сұранысы ерекше артқан. Түрлі телехикаялардан бастап, күнделікті тұрмыстағы затты қалай қолдану жөніндегі кеңеске дейін интернетке жүгінеді.

Ернұр Саудагеров «Торпедо» хоккей клубының әрбір ойынындағы әр ойыншы мен оның қимылын қалт жібермей қарайды. Осы клубтың баспасөз қызметіне жауапты болғандықтан, ол үшін ойыннан соң жазылған пікір мен ұсыныс та маңызды. Ал қазір құрлықтық хоккей ойындары өтіп жатқандықтан, әрбір ақпаратты зерделеуге тырысады.

Ернұр Саудегеров, хоккей клубының баспасөз атташесі:

- Құрлықтық хоккей лигасы өте қызықты жарыс деп айтуға болады. Себебі бұл лигаға «Барыс» та қатысады. Біздің өскемендік түлектер ойнайды. Сондықтан бізге өте қызық күнде қараймыз. Жаңалықтарды, статистиканы қараймыз.

Ақтөбелік Евгений Лазарчук үшін интернеттің игілігі ерекше. Қалада еріктілер бірлестігін құрғалы бүкіл жұмысы интернетпен байланысты. Шаһардың эко ахуалын жақсартуды көздеген еріктілер жасыл желекке қатысты мағұлматты іздеуде әлеуметтік желіге жүгінеді. Шаһарды басқан шаңды тоқтатудың бірден бір жолы – тал-терек егу. Сондықтан ағаштардың тұқымын интернет арқылы жинаған. Ас көшеттерді баптау әдісін де интернеттен үйреніп жүр.

Евгений Лазарчук, еріктілер бірлестігінің ұйымдастырушысы:

- Өз бетіммен білім алып жүрмін. Тұқым өсіру әдістері, ағаштарды баптау, шаһардағы жасыл-желекті сақтау жолдарын интернеттен оқып білуге болады. Біздің өңірге оңай жерсінетін ағаш түрлерін іздеймін. Міне павлония ағашының көшетін өсіріп жүрміз. Оның басты қасиеті ауадағы зиянды заттарды жояды.

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша қазір Қазақстандағы халықтың 80 проценттен астамы интернетті пайдаланады. Басым бөлігі смартфонды қолданады. Соңғы жылдары қазақ тіліндегі ақпарат іздеушілердің саны күрт көбейген. Ал биыл интернеттегі түрлі іздеу жүйесінен «сайлау», «президент», «атаулы әлеуметтік көмек» деген сөздер өте жиі терілген.

Авторлары: Олжас Керейхан, Мансұр Есқожа

Хабар 24 телеарнасы