377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жүкті келіншекті құтқарып қалған жігітке құрмет көрсетілді

  • 205
  • UPD: 22:22, 02.01.2020
Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жүкті келіншекті құтқарып қалған жігітке құрмет көрсетілді

Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жүкті әйелге қорғаныш болған Темірлан Қадауов марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев атпал азаматқа алғыс айтып, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін кеудесіне тақты. Темірлан жүкті әйелді құтқарумен қатар өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, өзге де жолаушыларға көмек көрсеткен. «Ол бұл марапатқа лайықты нағыз азамат», - дейді тәртіп сақшылары.

Естеріңізде сала кетейік, Алматыда болған ұшақ апаты кезінде 12 адам опат болып, 49 адам ауруханаға түскен еді. Қазір «Бек Эйр» компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы