380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус бағдары тоқтатылды

  • 110
  • UPD: 17:35, 02.01.2020
Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобус бағдары тоқтатылды

Елордада ауа райының қолайсыздығынан қала маңына қатынайтын бірнеше автобус қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады ҚазАқпарат «Смарт Астана» телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты трассалар жабылып, салдарынан №300, 302, 305, 310, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 321, 326 қала маңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Желіде №301, 303, 304, 306, 307, 308, 309, 311, 319, 320, 322 автобустары қалды», – делінген хабарламада.

 Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 3 қаңтар күні қар, боран және көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан екпінді жел соғып, түнде оның күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы