375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жүргізуші куәлігіне өтініш берген 8 мың адамнан мың жарым үміткер сынақтан өтті

  • 158
  • UPD: 11:06, 03.01.2020

Оралдағы мамандандырылған халыққы қызмет көрсету бөлімі жыл басынан бері өңір тұрғындарынан 100 мыңдай өтініш қабылдаған.

Соның 70 мыңға жуығы автокөліктерді есепке қоюға қатысты. Шілде айының 1-нен бері жүргізуші куәлігін алу бойынша 8 мыңдай өтініш түсіпті. Алайда соның тек мың жарымы ғана сыннан сүрінбей өтіп, қалған 6 мыңы қайталап тапсыруға мәжбүр болған. Енді емтихан тапсырудың жаңа тәртібіне сай үміткерлердің теориялық білімі арнайы жабдықталған сыныпта өтеді. 15 орындық залда  күн сайын 100 шақты адам емтихан тапсырады. Талдаулар көрсеткендей, солардың тек 20 шақтысы ғана екінші кезеңге – көлік жүргізетін сынақ алаңына жолдама алады екен. Жыл басынан бері облыс жолдарында 338 жол-көлік апаты тіркеліп, 114 адам қайтыс болды.  

Қанат Кеңесқұлов, қала тұрғыны (емтихан тапсырушы): 

- Екінші рет келіп тұрмын, біріншісінде құлап қалдым. Жүк көлігін айдау үшін категория соқтыруға келдім. Автодром светоформен, разметкалармен қамтылған екен. ол деген болашақ жүргізушілерге жақсы болады. 

Луиза Құсайынова,  мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы: 

- Экзаменге күнде келіп тапсыруға болады. Бұрын если 3 рет келіп жүрсе бүгін келді мысалы, емтихан тапсыра алмай қалды теориялық, 7 күннен кейін 8-күні келеді. Себебі программа өткізбейді. Еще срок не подашел деп жазылып тұрады. Қазіргі таңда күнде келіп жатады. Категоря В-ға, BC- ға адамдар көп.

Хабар 24 телеарнасы