376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғарда халық қаржысына салынған балалар орталығына қолдау керек

  • 162
  • UPD: 10:54, 03.01.2020

Алматы облысы Талғар ауданында халықтың көмегімен ашылып, өзін өзі қамтамасыз етіп отырған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене шынықтыру және сауықтыру орталығы бар. Мұнда балалар  тегін ем алады. Бірақ жоба авторлары  300-ден астам баланың тегін ем алуын тоқтатпау үшін, демеуші іздеп әлек. Жуырда ғана осы орталықтың жұмысымен танысқан еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа жылдан кейін бұл орталыққа бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыратынын айтты.

Орталықтағы ең кішкентай сүйкімді баланың бірі Бекзат. Баласының құлағы естімей, сөйлей алмайтынын түсінген анасы бастапқыда оны қалай тәрбиелеу керек екенін білмеген. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы тегін орталық Бекзатты ойланбастан қабылдаған. Қазір оның достары көп. 

Самандар Азизов, орталық тәрбиеленушісі:

- Бұл орталық маған ұнайды. Себебі мұнда біз сабақ оқимыз, шахматтан, қол теннисінен, жүзуден өткізілетін түрлі жарыстарға қатысамыз.

Бұл орталықта қазір 300-ден астам бала сауықтырудан өтіп жатыр. 12- бала  осы жерде аяғынан тұрыпты. Мұнда түрлі жаттығу залдары мен  емдеу-сауықтыру кабинеттері, тіпті бассейн бар. Айта кету керек, орталық халықтың 100-200 тг-ден өткізетін қайырымдылығы арқасында жұмыс істеп тұр. Мекеме қызметкерлері  қаржы табу үшін өздері түрлі бұйымдар жасап, сатып, жәрмеңкелер өткізеді. Жаңа жыл қарсаңында олар 2 млн жуық табыс тапқан. Бірақ бұл қаржы оларға бір айға ғана жетеді екен. Мүмкіндігі шектеулі балаларға кейде қайырымды жандар көмек береді екен. Мысалы, еліміздегі бір институт балалардың емі үшін  жаңа жылдық кештен бас тартып, үнемделген ақшаны қайырымдылыққа жұмсаған.  

Болат Мәди, орталық тәрбиеленушісі:

- Осы центр арқылы мен жеңіл жүгіруден жарыстарға қатысып, 1,2 орын алғанмын. Енді қазір мен жүзумен айналысып жүрмін. Мен достарымды таптым, өзімді таптым, кім болатынымды таптым. Кейін өскен кезде мен осы жаққа келіп, осындай балаларға көмектесемін.

Екі жылдан бері қайырымдылықтың арқасында жұмыс жасап келген орталық енді мемлекеттен көмек болар деп  үміттеніп отыр. 

С Новым годом! Желаю крпекого здоровья, чтобы вы никогда не болели и побльше успеха!

Авторлары: Алуа Маханбет, Анастасия Вылегжанина, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы