425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия Ливияға әскер жіберетін болды

  • 714
  • UPD: 10:29, 03.01.2020
Түркия Ливияға әскер жіберетін болды

Түркия парламенті Ливияға әскер жіберу туралы құжат қабылдады. БҰҰ мойындаған үкіметке әскери көмек көрсетуге ел парламетінің 325 депутаты дауыс берді. 

Ал 184 депутат қарсы болды. Жалпы бұған дейін Триполи үкіметі Ливияның ұлттық армиясы шабуылына байланысты Түркиядан әскери көмек сұраған болатын.

Айта кетейік, Ливияның шығыс бөлігінің билігі Триполиден тәуелсіз әрекет етеді. Бұған қоса олар Халифа Хафтар басқаратын Ливияның ұлттық армиясымен тығыз байланыста.

Хабар 24 телеарнасы