432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөз ауданында өткен жылы 26 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген

  • 592
  • UPD: 11:45, 04.01.2020
Аягөз ауданында өткен жылы 26 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында өткен жылы 26 миллиард теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мал басы өсіп, мемлекеттік бағдарламалар арқасында шаруашылықтарды қаржыландыру да қарқын алып келеді. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шетелден жалпы құны 400 миллион теңгеге 672 асыл тұқымды ірі қара әкелінді. 18 мың тонна ет, 72 тонна сүт өндіріліп, аудан халқы толық сапалы өніммен қамтылды. Шалғайдағы шаруашылықтарға 170-тен астам құдық қазылып, 500-ден астам күн сәулесінен қуат алатын станциялар орнатылыпты.

Ділдәбек Оразбаев, Аягөз ауданы әкімі:

- Құдық қазу мәселесі өте жақсы нәрсе. Мұны да мемлекеттің өзі субсидия жасап отыр, жәрдем беріп отыр. 80%-ін мемлекет төлейді, 20%-ін шаруа қожалығы өзі төлейді. Шаруа қожалығы одан 4-5 жылда құтылады, 20%-ін төлеп. Биылғы жылы 174 құдық қазатын болсақ, келесі жылы да 200-ге жуық құдық қазамыз деп отырмыз. Күн сәулелеріне де сұраныс өте жоғары. Күн сәулесі келесі жылы да биылғыдан кем жасамауға жұмыс жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы