424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы 177 ауылдық округтің жеке бюджеті болады

  • 512
  • UPD: 07:52, 05.01.2020
Ақмола облысындағы 177 ауылдық округтің жеке бюджеті болады

1 қаңтардан бастап Ақмола облысында 177 ауылдық округ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшті.

Яғни олардың өзіндік дербес бюджеті болады. Ауылдық округтер жергілікті қазынаны салықтың 6 түрі және айыппұлдың 17 түрін жинаумен толықтыра алады. Ал жиналған қаржыны әкімдер, ауылды абаттандыру, жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу сияқты бас-аяғы 19 түрлі қажетке жұмсауға мүмкіндігі бар. Бұған дейін аймақтағы халқының саны 2 мыңнан асатын 69 ауылдық округ аталған жүйеге көшкен болатын. Нәтижесі де жаман емес. Мәселен, Бурабай ауданының бірнеше ауылында көшені жарықтандыру мәселесі шешіліп, елдімекендерге футбол алаңы салынған. Айта кетейік, жаңа жүйемен жұмыс істеу үшін 2019 жылы өңірде 264 маман арнайы оқу курстарынан өткен.

Қанат Дүзелбаев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

– Бюджетті бекіту енді аудандық мәслихат пен жергілікті халықтың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Яғни бұл ауыл халқы кірістер мен шығыстарды реттеуге өздері тікелей атсалыса алады деген сөз. Мәселен, алғашқы 69 ауылдың бюджеті 4,7 млрд теңге болса, оның барлығы ауылдың қажетіне жұмсалды.

Хабар 24 телеарнасы