375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзуы азайған

  • 125
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзуы азайған

Былтыр Қостанай облысында әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен 18 мемлекеттік қызметші жауапкерішілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,5 есеге аз. Көбінесе мемлекеттік қызметшілер дауыс көтеру, дөрекі сөйлеу сияқты ерсі қылықтарымен көзге түсіп қалып жүр. Солардың 3-уі жұмыстан қуылып, 7-уі қызметіне толық сәйкес емес деген шешім шығарылған. Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапқа тартуды басты мақсат санамайды. Олардың құқығы бұзылмауын да мұқият назарда ұстайды. Мысалы былтыр, Қостанай облысында кеңестің араласуымен  2 тәртіптік іс тоқтатылды.

Төлеген Ташмағанбетов, қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі:

– Бүгінгі таңда әдеп кодексі тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге шектеулер өте көп. Кейбір тұстарда, мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас өміріне қол сұғып кеткендей болып отырмыз. Біз әдеп кодексі енгізілгеніне екі жылға таман уақыт өтті. Бүгінгі күні уәкілетті орган агенство тарапынан осы шектеулерді өзгертуге ұсыныстар беріліп жатқанын біз білеміз.

Хабар 24 телеарнасы