427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шипажайлық-курорттық емделуге жазылу басталды

  • 445
  • UPD: 12:09, 05.01.2020
Елордада шипажайлық-курорттық емделуге жазылу басталды

Бұл туралы Астана қызметтері сайты жазды.

«Құрметті елорда тұрғындары! Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер» санаттары бойынша шипажайлық-курорттық емделуге жазылу басталғандығы туралы хабарлайды. Жазылу осы сайтта халыққа қызмет көрсету орталықтарымен берілетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Қаңтар, ақпан, наурыз айларына азаматтарды тіркеу 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Келесі айларға жазылу туралы кейінірек хабарланады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы