375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде қарды уақтылы тазалауға техника жетіспейді

  • 114
  • UPD: 15:18, 05.01.2020
Өскеменде қарды уақтылы тазалауға техника жетіспейді magadanpravda.ru

Шығыс Қазақстан облысында желтоқсан айында қар толассыз жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл бүгінге дейін тек Өскемен қаласының өзінде қардың қалыңдығы 35-40 сантиметрге жетті. Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс кестесіне көшіп, барлық техниканы жұмылдырғанымен, күреп үлгермей жатыр. Әсіресе шеткі аудандардағы көшелер мен кейбір аялдамалар әлі қарға көміліп тұр. Бүгінге дейін қаладан 50 мың текше метр қар шығарылған. Қаланың тазалығына жауапты мекеме жетекшілерінің айтуынша, жұмыс күші мен техниканың аздығы да қолбайлау. Қазір коммуналдық кәсіпорында 85 техника болса, күнделікті 60-тан астам техика мен 120 жеке жұмысшы жұмылдырылады. Дегенмен әлі де 70 жұмысшы жетіспейді. Жалпы осы қыста қаладағы қарды шығаруға жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген.

Тимур Екібасов, коммуналдық мекеме директоры:

– Өткен жылмен сылыстырғанда қараша мен желтоқсанда биыл қар 30 мың текше метрге көп жауды. Биыл соңғы екі айда ғана 50 мың текше метрден астам қар шығардық. Оған қоса техника мен жұмыс күшінің жетіспеушілігі кедергі келтіріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы