378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі диагностикалық орталықта заманауи ақпараттық жүйе енгізіледі

  • 154
  • UPD: 17:49, 05.01.2020

Оңтүстіккореялық компания Ақтөбе қаласындағы кешенді диагностикалық орталықта ақпараттық жүйені енгізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеулде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 2018 жылда басталған орталықтың құрылысы аяқталды. Медициналық мекемеде айына 600 науқас тексеруден өте алады. Бес жыл бойы диагностикалық орталықта қазақстандық дәрігерлермен бірге оңтүстіккореялық мамандар қабылдайды. Бес жылдан кейін отандық дәрігерлер өз бетімен жұмыс істейді. Әзірлеушілердің айтуынша, ақпараттық жүйе ауруларды диагностика процесін жеделдетеді. Сонымен қатар бағдарлама дәрігерлерге ауруды бастапқы сатысында анықтауға көмектеседі. Жүйені енгізу және диагностикалық кешеннің ашылуы осы жылдың қыркүйек айында жоспарланған.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазір жоқ, бірақ белгілі бір уақыттан кейін осындай қатерлі ісік ауруының дамуы мүмкін деген, соған келесі жылдары, алдағы уақытта тереңірек тексеруден өтуге бағыттама береді. Бұл енді мына қатерлі ісіктерді егер уақытында анықталып жатса, емдеп жіберуге болады, бірақ ең үлкен мәселе сонда болып тұр. Кеш келсе, әрине ол Кореяға барсын, Израильге барсын, қай жерге барса да, оны емдеуге өте қиын, өте қымбат және нәтижесі де төмен болады.

Ли Кын Ёнг, медициналық корпорацияның бас директоры:

- Кореяда тексеру таңертең басталып, түске дейін аяқталады. Ал осында диагностиканы жасау үшін қазақстандықтар жеті сағат ұшып, қонақ үйде тұрып, аударма және диагностика үшін төлеуі керек. Бұл Қазақстан үшін тиімсіз, өйткені көп қаражат шетелге кетеді. Егер тек Ақтөбе қаласында ғана емес, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкентте корей диагностикалық орталықтар ашылса, сіз айтарлықтай экономикалық нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Хабар 24 телеарнасы