375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде толассыз жауған қарды уақтылы тазалауға техника жеткіліксіз

  • 128
  • UPD: 20:29, 05.01.2020

Шығыс Қазақстан облысында бір айға жуық толассыз қар жауып, тек Өскемен қаласының өзінде қазір ақ ұлпаның қалыңдығы 35-40 сантиметрге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс кестесіне көшіп, барлық техниканы жұмылдырғанымен, күреп үлгермей жатыр.

Былтырғы қазан мен қараша қарсыз болғанымен, желтоқсанда толассыз жауды. Әсіресе, шеткі аудандардағы көшелер мен кейбір аялдамалар әлі қарға көміліп тұр.

Блиц 1:

Қыс түскелі қардың тазаланғанын көргем жоқ. Техника жүрмейді. Жолдың бәрін басып жатыр.

Бүгінге дейін қаладан 50 мың текше метр қар шығарылған. Қаланың тазалығына жауапты мекеме жетекшілерінің айтуынша, жұмыс күші мен техниканың аздығы да қолбайлау. Қазір коммуналдық кәсіпорында 85 техника болса, күнделікті 60 тан астам техика мен 120 жеке жұмысшы жұмылдырылады. Дегенмен, әлі де 70 жұмысшы жетіспейді.

Тимур Екібасов, коммуналдық мекеме директоры:

- Өткен жылмен сылыстырғанда, қараша мен желтоқсанда биыл қар 30 мың текше метрге көп жауды. Биыл соңғы екі айда ғана 50 мың текше метрден астам қар шығардық. Оған қоса, техника мен жұмыс күшінің жетіспеушілігі кедергі келтіріп тұр.

Жеке жұмыс күшінің жетіспеушілігі әсіресе, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолындағы қардың уақтылы күрелмегенінен анық байқалады. Ал кейбір тұрғындар автокөліктерін түнде жол бойына қояды. Осының кесірінен ауыр техника жиектасқа жақындай алмайды.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

ір күнде 20-дан астам айыппұл салынды. Өйткені арнайы тұрақтар бар. Түнгі сағат 22:00-ден таңғы 07:00-ге дейін көліктреді қоятын жерлер бар. Сол жерге дейін қалдырып кетеді. Үлкен сауда үйлері бар. Олар өздерінің аулалары мен жаяу жүргіншілер жолын тазаламайды. Ол да бір үлкен мәселе. Халықтың наразылығы бізге келіп жатады. Бұл жерде жеке кәсіпкерлер өз жауапкершілігін білу керек.

Жауапкершілігін білмейтін, ауласындағы қарды күремейтін 60-тан астам жеке кәсіпкерге ескерту жасалған. Олар 1 айдың ішінде ескертуден қорытынды шығармаса, айыппұл салынуы мүмкін. Ал осы қыста қаладағы жолдарды тазалауға жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы