377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы маңында апатқа ұшыраған Fokker 100 әуе кемесінің екінші ұшқышы есін жиды

  • 162
  • UPD: 20:20, 05.01.2020
Алматы маңында апатқа ұшыраған Fokker 100 әуе кемесінің екінші ұшқышы есін жиды

Қазір ол жансақтау бөлімінен салалық бөлімге ауыстырылды.

Бұл туралы №4 клиникалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы мәлімдеді.

«Сондай-ақ әуе апатынан зардап шеккендердің де жағдайы жақсарып келеді», - дейді дәрігерлер. Дәл қазіргі уақытта Алматы ауруханаларында 27 адам ем алып жатыр. Олардың жетеуі бала. Ал үш емделуші санитариялық авиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген. Бұл кісілерді Алматы қаласында да емдеуге мүмкіндік болған.

«Бірақ олар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болғандықтан өздерінің өтініштері бойынша туған-туыстарына жақынырақ болсын деп ел ордаға жеткіздік», - дейді мамандар.

Ал балалар ауруханасында жатқан жеті баланың жағдайы жақсы, ертең анализ қортындысынан кейін олардың біразы амбулаторлық емдеуге шығарылады.

Айман Байзолданова, қалалық № 4 клиникалық аурухана бас дәрігерінің м. а.:

- Он бір науқас әлі ем алуда біздің ауруханада. Жаңағы сіз сұраған науқастың жағдайы түскен кезде өте ауыр болған, білесіздер. Біраз операция жасап, қазір жағдайы тұрақты жақсы болып қалды. Қалған науқастардың да жағдайлары бәрі тұрақты жақсы. Енді мына амбулаторлық емге шығаруға дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы