380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда IT мектеп ашылды

  • 173
  • UPD: 21:50, 05.01.2020
Оралда IT мектеп ашылды

Оралда цифрландыру бағдарламасы аясында IT мектеп ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда келушілер бір ай оқу курсынан өтіп, өз білімдерін жетілдіре алады. Тыңдаушылар негізінен мобильді қосымшалар мен сайттардың дизайнын әзірлеуге қажетті машықтарды меңгереді. Сонымен қатар ІТ мектепте «Электронды-есептеуіш машиналардың операторы», «Web-бағдарламашы», «Web-дизайнер» және «Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету технигі» секілді мамандықтарды игеруге мүмкіндік бар. Курсты тәмамдаған түлектерге арнайы сертификат табысталады.

Жазира Жақыпова, IT мектебінің атқарушы директоры:

- Жастар көбіне үйренгісі келеді, мына бағдарламалауға, ойындар ойнау графикасын жасауды үйренуді қалайды. Сондықтан біздер қазір РНР-бағдарламалауға, UNITY үйретіп жатырмыз. Басқа да фотошоп бар, әрі қарай дамытып үйреніп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы