380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алты мыңға жуық адам жаңажылдық демалысты Бурабай мен Зерендіде өткізген

  • 169
  • UPD: 22:57, 05.01.2020
Алты мыңға жуық адам жаңажылдық демалысты Бурабай мен Зерендіде өткізген

Жаңажылдық демалысты 6 мыңға жуық адам Бурабай мен Зеренді курортты аймақтарында өткізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туристердің 4 мыңнан астамы Бурабайдағы қонақ үйлерге тоқтаса, 2 мыңға жуығы Зерендінің туристік нысандарын таңдапты. Осылайша, ондағы демалыс орындары 95%-ке дейін толған.

«Бұл былтырғымен салыстырғанда 7-10%-ке көп», - дейді мамандар. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, қазір аталған екі курортқа да апаратын жолдар тақтайдай теп-тегіс. Айталық, Щучинск – Зеренді тас жолы жаңадан салынып, 2019 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Одан бөлек, өңірде қысқы туризм де жыл сайын дамып, ойын-сауық түрлері көбейіп келеді.

Ерлан Мүсіпов, облыстық туристік-ақпараттық орталығының жетекшісі:

Келген туристерге барлық ойын-сауықтырулар дайындалды. Қысқы бар, ішіндегі ойын-сауықтырулар, осы курорттың дайындаған өздерінің бағдарламалары болды. Аяз атасы, шыршасы. Балаларға да бөлек бағдарлама әзірленді. Зеренді енді Бурабайға қарағанда бағасымен төмендеу болғаннан кейін кішкене көбірек келгені сол ғой.

Хабар 24 телеарнасы