Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш қаласында тегін инватакси пайда болды

  • 107
  • UPD: 23:27, 05.01.2020
Балқаш қаласында тегін инватакси пайда болды karaganda-region.gov.kz

Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы мамандандырылған «Инватакси» автомобилін сатып алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осындай жаңа жылдық сыйлықты Халық банкі мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры жасады.

«Қалада бүгінгі таңда 3 860 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 100-ден астамы арнайы автокөлік арқылы тасымалдау қызметіне мұқтаж. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе болды. Тасымалдау бойынша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылды. 2019 жылы бұл мақсатқа 3,6 млн теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ға артты», - деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Хабар 24 телеарнасы