loader

Ақмола облысында мал бордақылау алаңдары көбейеді

Ақмола облысында мал бордақылау алаңдары көбейеді

Ақмола облысында биыл 25 мың басқа арналған екі бірдей мал бордақылау алаңы іске қосылады. Олардың бірі облыс орталығының іргесіндегі Красный Яр ауылының жанынан бой көтерсе, екіншісі, Степногорск қаласынан салынады.

Ал келешекте аймақта жаңадан салынатын мал бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығын 300 мың басқа жеткізу жоспарланып отыр.  2020 жылы аймақтың ауылшаруашылығы саласында 82 млрд теңгенің 30 шақты инвестициялық жобасын жүзеге асыру көзделген. Айта кетейік, өңірде қазір 450 мың бас ірі қара бар. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда, 5 процентке көп дейді мамандар. Ал мал басын көбейтудегі басты мақсаттардың бірі – ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру. Себебі қазір сүт зауыттары орташа есеппен алғанда 60 процентке, ал ет өңдеу кешендері 75 процентке ғана жұмыс істеп тұр.  

Хасым Итқұсов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Міне сүт-тауарлы фермалары мен мал бордақылау алаңдарын біз сол үшін салып жатырмыз. Айталық, 27 ферма қосу жоспарда бар. Олар сүт зауыттарының жүктемесін 90 процентке жеткізуге мүмкіндік берсе, мал басын көбейту арқылы ет өңдеу кешендерінің жұмысын 95 процентке арттыра аламыз.

Сондай-ақ...