425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар медициналық қызметтің сапасы жөнінде қайда хабарласа алады

  • 674
  • UPD: 09:25, 06.01.2020
Астаналықтар медициналық қызметтің сапасы жөнінде қайда хабарласа алады

Медициналық сақтандыру қорына медициналық қызметтің сапасы туралы сұрақтарымен хабарласудың 5 тәсілі бар, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Сол ретте пациенттер тарапынан түскен медициналық қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар мен ұсыныстар 5 түрлі жолмен Медициналық сақтандыру қоры қабылдайды. Тұрғындар дәрігердің дөрекілігіне, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты сұрағы болса, сондай-ақ тегін медициналық қызметтерге ақы төленгенде, олардың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіре алады. «Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің хабарлауынша, қорға жүгінудің 5 тәсілі бар. Осылайша, пациенттер әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейтін ішкі аудиттің пациенттерді қолдау қызметіне ұсыныс қалдыра алады», делінген хабарламада. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, бас дәрігердің атына жазбаша өтініш жазу жеткілікті. Екінші тәсіл – MVOTER мобильдік қосымшасында медициналық ұйымға баға беру. Ол үшін МӘМС пайдаланушысы қосымшаны жүктеп, медициналық мекемеде Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісінің QR-кодын сканерлеп, қызмет сапасын бағалау қажет. Сондай-ақ, азаматтар қор сайтының «Халықтық бақылау» бөлімінде мына сілтеме арқылы http:fms.kz/ru/leave-complaint жазбаша өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ бесінші тәсіл – қордың әлеуметтік желідегі мессенджеріне хабарлама жіберу (fondosms (Facebook, Vk), fms.kz (Instagram).

Хабар 24 телеарнасы