420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар бас қаланың дизайн-кодын әзірлеуге қатыса алады

  • 542
  • UPD: 10:19, 06.01.2020
Елордалықтар бас қаланың дизайн-кодын әзірлеуге қатыса алады kondor-tour.kz

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ елорданың дизайн-коды бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Үш ай бойы институт қала тұрғындары мен сарапшылар қоғамдастығынан астананың дизайн-кодын әзірлеуге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын astanagenplan@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылдайтын болады. Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы дизайн-код қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру, орта дизайны мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы болып табылатынын еске салады. Басқарма мамандарының айтуынша, дизайн-кодта кеңістік пен қалалық орта объектілерін жүйесіз, ретсіз қалыптастыру тәжірибесінің салдарын жоюға, қала көшелері мен алаңдарын жобалау, тұрғызу үдерісіне белгілі бір тәртіп пен эстетикалық бағыт енгізуге мүмкіндік беретін ережелер әзірленіп, ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, бірыңғай сәулет стилінің параметрлері «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңында жазылған. Соған сәйкес, республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтары үшін дизайн-код құжатын жасау қажеттілігі көрсетілген. Алайда әзірге бірыңғай дизайн-код тек Нұр-Сұлтанда ғана қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы