443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы православ шіркеулерінде мереке алды ғибадат рәсімдері өтуде

  • 344
  • UPD: 13:33, 06.01.2020
Елордадағы православ шіркеулерінде мереке алды ғибадат рәсімдері өтуде

Қасиетті «Рождество Христово» мерекесіне орай елорданың Успен кафедралды соборында, Констатин-Еленин храмында, Серафима Саров храмында діни рәсімдер өтетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап православ шіркеулерінде мереке алдындағы ғибадат рәсімдері өтуде. Ал түнгі мерекелік Рождество литургиясы барлық храмдар мен соборларда сағат 23.00-де жоспарланған. 7 қаңтарда мерекелік шіркеу іс-шаралары сағат 09:00-де басталып, 11:00-де Қазақстанның Православ шіркеуі қызметкерлері мен мемлекеттік билік өкілдері конфессия өкілдерін ресми түрде құттықтайды. Сондай-ақ, 7 қаңтар күні сағат 11.00, 14.00-де қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы Рухани-мәдени орталықтың концерт залында балаларға арналған Рождестволық шырша өтеді.

Хабар 24 телеарнасы