375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Атырауда ардагерлермен кездесті

  • 226
  • UPD: 15:16, 06.01.2020
Депутаттар Атырауда ардагерлермен кездесті

Атырау облысына іссапармен келген ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бір топ депутаты ардагерлермен жүздесті.

Кездесу барысында халық қалаулылары Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобалары мен еліміздің осы жылғы бюджеті туралы түсінік берілді. Соның ішінде қазір жобасы талқыланып жатқан «Ардагерлер туралы» заң жобасындағы «Ардагер мәртебесі» туралы да пікірлер сарапталды. Келелі кеңесте «билер кеңесінің» қоғамдағы ролі, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі аға ұрпақтың жауапкершілігі туралы да айтылды. Осы жылы қабылдануы тиіс «Ардагерлер туралы» заңға да бірқатар ұсыныс-тілек болды. Парламент депутаттары ертеңнен бастап, мұнайлы өңір аудандарын аралап, жұртшылықпен кездесуді жалғастыратын болады. 

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Заңда ең басты мәселе Ардагерлердің статусы анықталатын болады. Бүгін басқа да көптеген ұсыныстар болды. біздің келгендегі іссапарымыздың негізгі мақсаты халықтың қандай сұрағы бар, қандай жаңа заңдар керек. Қандай заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Осының бәрін жинақтап, саралап, қарайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы