375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейден 20 мың текше метр қар шығарылды

  • 109
  • UPD: 17:42, 06.01.2020
Семейден 20 мың текше метр қар шығарылды

Семейде соңғы бір апта толассыз жауған қар қала көшелерін басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көліктер қозғалысына да едәуір қиыншылық әкелді. Қазір коммуналдық қызмет техникалары жаппай ақ ұлпа тазалаумен айналысып жатыр. Бұл іске жауапты мердігер мекеме қарамағында 80-нен астам техника бар. Олар негізінен орталықтағы көшелерді қардан аршығанымен, шеткері шағын аудандарға бара алмай жатыр. Сондықтан мүмкіндігі бар жекеменшік кәсіпорындар да бұл жұмысқа қолғабыс етпек. Шаһарда жалпы ұзындығы 257 шақырым болатын 200-ге жуық көше барын да айта кетейік.

Динара Кәкенова, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы:

– Әрине, бір уақытта қарды тазартуға үлгермейді, бұл кезде біз жеке кәсіпорындарды да жұмылдырамыз. Олар өздерінің ғимараттарының маңайын қардан тазарту, шығару жұмыстарына жауапты. Қазіргі уақытта қала бойынша 20 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. Бұл көрсеткіш 2 есе артуы мүмкін. Өйткені әлі де жиналған қарлар бар, оны шығару жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы