377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда МӘМС жүйесі іске қосылды

  • 201
  • UPD: 17:42, 06.01.2020
Қазақстанда МӘМС жүйесі іске қосылды

Осы жылдың 1 сәуіріне дейін барлық тұрғынның медициналық сақтандыру мәртебесі тексеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық сақтандыру қорының өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, жаңа бағдарламаның артықшылығы көп. Биыл денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті шамамен 1 триллион 600 миллиард теңгеге көбейеді. Көрсетілетін қызметтер көлемі бір жарым есеге артады. Алғашқы медициналық көмек пен мектеп медицинасының дамуына басымдық беріледі. Мысалы, компьютерлік томография, МРТ сияқты бірқатар қымбат қызмет тегін болады, осының барлығы сақтандыру пакетіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы