376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеніште қалып қойған бұрғылаушыны құтқару жұмыстары жүріп жатыр

  • 115
Кеніште қалып қойған бұрғылаушыны құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер-Сокольный кен орнында, осымен екінші тәулік құтқару жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шахтаның бір бөлігін тау үйінділері басып қалған. Салдарынан жер астындағы шахта ішінде жұмыс істеп жатқан бұрғылаушы шыға алмай отыр. «Казцинк» компаниясының ресми ақпаратына сүйенсек, жұмысшымен байланыс орнатылған. Оған қажетті барлық зат шахтаға түсірілген. Кеншіні жер бетіне шығару үшін құтқару отряды жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай орнында қосымша медициналық бригада кезекшілігі ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы