377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұғалімге дөрекілік танытқандар 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады

  • 141
  • UPD: 21:55, 06.01.2020
Мұғалімге дөрекілік танытқандар 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады

Мұғалімнің ар-намысына тиіп, дөрекілік танытқандар 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Немесе 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал педагогты артық жұмысқа тартқандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл – «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңда қаралған жаза түрлері. Президент қол қойып, күшіне енген заңды қазір жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы бұл құжат мұғалімнің артық жүктемесін азайтып, еңбегін адал бағалау мақсатында қабылданды. Жыл басынан мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өседі. Ал 2024 жылға дейін білім саласы қызметкерлерінің айлығы екі есеге ұлғаяды. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру міндетін қоса атқаратын мұғалімдердің қосымша ақысы да көбейеді. Еңбек демалысы 56 күнге ұзарып, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төленеді. Яғни оқушысы үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдерді ынталандыру шаралары қаралған.

Шолпан Каринова, ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Педагогтың мәртебесі тек бұл заңға немесе оның үстемақысына байланысты емес, біріншіден, педагог мәртебесі оның жеке басына, оның біліміне, кәсіби құзырлығына тікелей байланысты. Екіншіден, педагогтың мәртебесі беріп отырған білімінің сапасына байланысты. Мектептердің басқа да білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жағдайына, соның ішінде интернетке, оқулықтармен қамтылуына да, пәндік кабинеттермен де байланысты сұрақ. Сапаға тікелей қатысы бар кабинеттер, пәндік кабинеттерді жабдықтау қарастырылған. 18, 5 мың кабинетті қамту ауылдық мектептерді алдағы алты жылда жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы