379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қызылша дерті асқынып тұр

  • 142
Шымкентте қызылша дерті асқынып тұр

Шымкентте өткен жылы қызылшамен ауырғандар саны 3 мыңнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 2018 жылы бұл індетке 8 адам шалдыққан. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қызылша дерті әсіресе уақытында екпе алмаған балалар арасында көп кездеседі деп дабыл қағып отыр. Дерті дендегендердің 83 проценті – сәбилер мен жасөсіспірімдер. Ақ халаттылар қызылшаның өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі екенін айтады.

Забира Есенғараева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Шымкент қаласы бойынша 3091 адам қызылшамен ауырды. Оның ішінде 2231 – 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылшамен ауырып жатқандардың 82-83% – бұрын егілмеген балалар. Бұрын ауырмаған және қызылшаға қарсы егілмеген адамдар 100 пайыз жұқытырады. Қызылшадан эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты ҚР-да қосымша иммундаулар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы