423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда студенттердің шәкіртақысы өсті

  • 553
Атырауда студенттердің шәкіртақысы өсті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 8 мыңға тарта студент білім алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бір мыңнан астамы мемлекеттік грант негізінде білім алады. Оның сыртында 168 магистр және 50 оқытушы мақсатты докторантурада мемлекет есебінен білімдерін толықтыруда. Қаңтар айынан бастап студенттер 26186 теңге, магистрлер 66 мың 913 теңге шәкіртақы алатын болады. Сондай-ақ Атырау облысында білікті маман дайындауға арналған басқа да игі бастамалар бар.

Саламат Ыдырысов, Халел Досмұхамедов атындағы АМУ ректоры:

– Біздің университетте жетім, мүгедек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін де үлкен әлеуметтік көмектер жасалған. Олар толық оқу ақысынан босатылады, жатақханамен де бірінші кезекте қамтылып отыр. Бұл – университеттің жалпы саясаты, студенттердің қоғамдық шараларға, ғылыми бағытты қалап жүргендерге міндетті түрде қолдау көресетеміз.

Хабар 24 телеарнасы