376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қармақшылықтардың 99 пайызы медициналық сақтандыруға тіркелді

  • 317
Қармақшылықтардың 99 пайызы медициналық сақтандыруға тіркелді

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы тұрғындарының 99 проценті медициналық сақтандыруға тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы аудандық емханада бүгінгі күні 32 мыңнан астам тұрғын тіркеуге алынған. Жаңа жүйе екі түрлі қызмет пакеті бойынша жүзеге асады. Біріншісіне – жедел медициналық жәрдем мен созылмалы ауру түрлерін емдеуге қатысты кепілдендірілген көмек түрлері жатады. Ал екіншісіне жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен операциялар және дәрігердің кеңесі кіреді. Тегін ем-дом шаралары мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерінде бірдей жүргізіледі.

Бақытжан Нысанбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері:

– Сақтандыру аясында қандай қызметтің көлемі керек, науқасқа сол қызметтің бәрі көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған көмектерді бұрын алу қиын болса, қазіргі таңда осының арқасында жеңілдетіледі. Ол ақшаны аз төлей ме, көп төлей ме, оның қызметі қандай, жасы қаншада, оған қарамайды, барлық көмекті Қазақстандағы азаматтар бірдей көлемде алады.

Хабар 24 телеарнасы