427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе шіркеулерінде Рождество мерекесіне орай арнайы діни рәсімдер өтті

  • 476
  • UPD: 07:36, 07.01.2020
Ақтөбе шіркеулерінде Рождество мерекесіне орай арнайы діни рәсімдер өтті

Ақтөбе қаласындағы шіркеулерде Рождество мерекесіне орай арнайы діни рәсімдер өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрам алдындағы Құдайға табыну шарасы өткізілді. Православ дінін ұстанушылар үшін бұл күннің маңызы зор. Інжіл кітабында жазылған аңызға сүйенсек, қаңтар айының 6-ынан 7-іне қараған түні Вифлеем қалашығында Құдай ұлы дүниеге келген. Бұл түнде Рождество алдындағы 40 күндік ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастархан жайылады.

Нектарий Гузев, шіркеу қызметшісі:

Рождество – біздер үшін ұлық мереке. Оның тарихы терең. Ғасырлардан жалғасқан мерекенің маңызы – адамдар арасындағы мейірімділік, махаббат, қамқорлық сезімдерін ояту. Әркім жақындарына, тіпті дұшпандарына да қастандық ойламауы тиіс. Бұдан кейін біздің дінімізде қаңтардың 7-19 аралығында ұлы күндер басталады.

Хабар 24 телеарнасы