Олар Иса Пайғамдардың туған күнінде шіркеуге барып, діни жоралғыларын жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шырақ жағып, құлшылық етеді. Тұрғындар бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін арнайды. Сонымен қатар діни әндер айтып, түні бойы кезекшілік атқарады. Бұл – православ христиандар үшін басты діни мейрам болып саналады.
Антон Гуторов, қала тұрғыны:
- Кез келген адам діни нанымына қарамастан, отбасының амандығын, елдің тыныштығын тілейді. Бәрі бір-біріне мейіріммен қараса дейміз. Әрқашан бейбітшілік болсын.