376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстанның 100 жаңа есімі». Максим Рюмин

  • 83
  • UPD: 10:33, 07.01.2020

Саусақтың қимылымен-ақ тұрмыстық, басқа да техникаларды алыстан басқаруға болады дегенге сенесіз бе?

Қостанайлық студент Максим Рюмин қазір сондай бағдарлама дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұның алдында болашақ инженер-бағдарламашы инватакси қызметінің онлайн-тапсырыс жүйесін енгізді. Міне, осындай жетістіктерінің арқасында жас ғалым биыл «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.

Максим Рюмин – Қостанайдағы құрылыс колледжінің 4-курс студенті. Бала кезінен ақпараттық технологияға әуестігі оны инженер-бағдарламашы мамандығына алып келді. Бірінші курстан-ақ есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру бағытында тың жобаларымен көзге түскен.

Есілбай Мұхамедрахимов, колледж директорының орынбасары:

- Біріншіден, соңғы курсқа дейін бізде халықаралық «ІТ-планета» олимпиадасына қатысып келе жатыр. Сол аралықта 2 және 3-орын алып, өзінің жобаларымен қатысып келе жатыр. Одан кейін әлеуметтік жобаларымыз бар. Соның ішінде атап өтсек инватакси жобасы.

Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Сайтқа кіріп, кез келген жерден таксиге тапсырыс бере аласыз. Төлемақысын өзіңіз анықтап, көлік бағытын бақылап отыруға мүмкіндік бар. Ал Максимнің қазір жұмыс істеп жатқан жобалары көпшілікке таңсық дүниелер. Шапалақ соғып, дауыс шығарып шам жағып, есік ашуға болатындығын естіп, көріп жүрміз. Ал, енді бір саусақтың-ақ қимылымен техниканы алыстан басқаруға болады дегенге қалай таңқалмайсың?!

Максим Рюмин, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

Мен қазір қол саусақтарының қимыл-қозғалысын, жалпы физиологиясын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Компьютер мен адам арасындағы байланыс өте қызық тақырып. Камераға түсірілген саусақтардың қозғалысын компьютер автоматты түрде айна қатесіз қайталап,берілген тапсырманы орындайды. Тілі мүкіс жандарға өзара сөйлесу үшін де қолайлы.

Максимнің тағы бір жобасы экологиялық тақырыпта. Бактерия сияқты микробөлшектердің құрылымын зерттейтін бағдарлама дайындап шығармақ. Бұл жоба су, ауа құрамын тез арада сараптап, сапасын анықтауға үлкен мүмкіндік беретіндігін айтады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

 

Хабар 24 телеарнасы