377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесіне қосылғандардың саны артты

  • 173
  • UPD: 09:43, 07.01.2020
Қарағанды облысында медициналық сақтандыру жүйесіне қосылғандардың саны артты

Биыл Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласына 93 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ке артық. Оның үштен бір бөлігі аймақта 1 қыркүйектен бастап іске қосылған міндетті медициналық сақтандыруға бағытталған. Медициналық сақтандыру жүйесінде мектептегі медицинаны субсидиялау қарастырылған, консультативтік-диагностикалық және оңалту көмегіне қаржы көлемін арттырды. Пилоттық жоба іске қосылғалы бері халыққа көрсетілген қымбат медициналық қызмет түрлері екі есеге өскен.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жүйе төлемдердің тұрақтылығына байланысты болмақ. Жеңілдікке ие азаматтарға мемлекет, еңбек етушілерге жұмыс беруші, ал өзін өзі жұмыспен қамтушыларға бірыңғай төлем қарастырылған.

Гамаль Тоқсанбаев; облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз мемлекеттік кірістер департаментімен бірігіп, апта сайын жарналардың аударымдарын тексеріп отырамыз. Өзін өзі жұмыспен қамтушыларға медициналық мекемелерде арнайы төлем терминалдары орнатылған. Олар кез келген уақытта жарналарын төлей алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылғандардың саны күннен күнге артып отыр.

Хабар 24 телеарнасы