427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да атаулы әлеуметтік көмек алуға 33 өтініш қабылданды

  • 932
  • UPD: 10:23, 07.01.2020
СҚО-да атаулы әлеуметтік көмек алуға 33 өтініш қабылданды

Солтүстік Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін тағайындауға өтініштер қабылданып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен соңғы бірнеше күнде өңірде 300-ге жуық отбасы жұмыспен қамту орталықтарына келіп, консультация алған. Ал, олардың 30-дан астамының арызы қабылданды. Енді алдағы уақытта арнайы құрылған комиссия мүшелері бұл жанұялардың табысын, тұрғылықты мекенжайын тексеретін болады. Жаңа форматқа сәйкес отбасында табыс табатын жанның болуы міндетті. Ал, егер еңбекке қабілетті азамат жұмыс істемесе, онда оларға жәрдемақы берілмейді. Жалпы өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында 5891 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Оларға жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгеге қаржылай қолдау көрсетілді.

Саягүл Күлекина, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Мен бес баланың анасымын. Ана жылдары 21 мыңнан алатынбыз, әр балаға атаулы әлеуметтік көмекті. Биыл енді басқаша өзгерістер болып жатыр. Соған енді құжат тапсыруға келдім. Әкеліп, өткізіп жатырмын. Жолдасымның табысын сұрады. Оны да алып келдік, осы желтоқсанға дейін.

Гүлмира Мәулетбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Жаңа механизмдерді түсіндіру үшін жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдерінен бірнеше маман тартылып отыр. Ауыл-аймақтарға деп жауаптылар бекітілді. Соңғы бірнеше күнде олар төрт брифинг ұйымдастырды. Мұнымен қоса, тұрғындар да өздігімен келіп, жаңа формат бойынша құжаттарын өткізіп жатыр. Бүгінде 33 адамның өтініші қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы