375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда жеке тұрғын үй алабында болған өрттен 50 жастағы әйел көз жұмды

  • 104
  • UPD: 12:08, 07.01.2020
Петропавлда жеке тұрғын үй алабында болған өрттен 50 жастағы әйел көз жұмды inform.kz

 

Петропавлда Ойқала ауданындағы жеке тұрғын үй алабында өрт шығып, 50 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалынды көрген бойда марқұмның көршілері құтқарушыларға хабар береді. Тілсіз жаумен күресуге 20 адам мен үш техника жұмылдырылған. Өрт жылдам сөндірілді. Алайда, түтінге тұншыққан үй иесін құтқару мүмкін болмады. Осы өңірде жыл басынан бері алты өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Салдарынан екі бала мен екі ересек адам көз жұмды.

Әсет Сердалин, облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің жедел кезекшісі:

- Әйелдің денесін сыртқа шығарып, мамандар бірден реанимациялық шараларды жасап, көмектеспек болды. Алайда, бәрі кеш болды. Себебі ол түтінге қатты тұншығып қалған екен. Өрттің неден шыққандығы белгісіз. Ол алдағы уақытта анықталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы